қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.06.2014

28 гвардияшылар - панфиловшылар саябағында тазалық акциясы


2014 жылдың 22 қаңтары күні 28 гвардияшылар - панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне құрмет көрсету, саябақ тазалығының сақталуына, оның көркейуіне атсалысу, университет жастарын еңбекке баули отырып, олардың белсенділігін арттыру мақсатында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы аясында «Ескерткіштерге тағзым - елге тағзым» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында белсенді жастар саябақтағы «Даңқ» мемориалы мен өшпес ерлік пен соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтаудың нышаны болған «Мәңгілік алау» кешеніне тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияға университетіміздің барлық белсенді студент жастары жұмылдырылды.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler