қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
05.05.2017

ҚЫЗДАР КЛУБТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ҚАНЕКЕЙ, ҚЫЗДАР!» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

          2017 жылдың 27 сәуір күні «Жастар. Шығармашылық. Инновация» атты Студенттік көктем фестивалі аясында «Қанекей, қыздар!» атты студенттік қыздар клубы арасында интелектуалды-шығармашылық байқау өтті. Қыздардың бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін сіңіре отырып, іскерлік, білімділік, шығармашылық қабілеттерін арттыруды мақсат еткен бұл байқауға Педагогика және психология институтынынан - «Сырғалым» клубы, Жаратылыстану және география институынан - «Қырмызы қыздар» клубы және Физика, математика және информатика институтынан - «Бойтұмар» клубы қатысты. Байқау «Сәлем сөздің анасы», «Біздің клуб осындай», «Білгенге маржан», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» кезеңдер бойынша өтті. Байқауға түскен ару-қыздарымыз әрбір кезеңнің талаптарына сай өздерінің іскерліктерін, білімділіктерін көрсете отырып, жоғары белсенділіктерімен ерекшеленді.
          Жүйрік ой, табандылығы мен тапқырлығының арқасында қазылар алқасының көңілінен шыға беліген Педагогика және психология институтының «Сырғалым» қыздар клубы жүлделі бірінші орынға ие болды.
          Қыздар клубтары арасында ұйымдастырылған бұл байқау болашақта дәстүрлі түрде өткізіліп, жастарымыздың бос уақыттарын тиімді пайдалануға өз септігін тигізері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты жөніндегі басқарма

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler