қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
08.05.2017

 

Университетішілік «Айбын 2017»

әскери-спорттық ойыны

 

       2017 жылы 28 сәуірі күні «Жастар.Шығармашылық.Инновация» атты студенттік көктем фестивалі аясында білім алушы жастарды патриотизимге тәрбиелеу және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында Университетішілік «Айбын 2017» әскери-спорттық ойыны өтті. Жарысқа университетіміздің институттарынан 4 команда қатысты.

         Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезенде командалар  жылдамдыққа газтұмылдырық киюден жарысса, екінші кезең атыс даярлығы (автоматты толық емес  бөлшектеу және жинақтау) және үшінші кезең кермеге тартылу мен қол күресі бойынша сайысқа түсті.            Әскери кафедрасының офицері подполковник Омаров Марат Қуанышұлы төрешілік еткен бұл сайыста Өнер, мәдениет және спорт институтының сарбаздары жеңімпаз атанды.

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі басқарма

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler