қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
14.04.2017

 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ 

 

       Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау және талқылау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  атты дөңгелек үстел өтті.

        Дөңгелек үстелге университет басшылығы, құрылымдық бөлімшелер басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

        Шараны университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашып, Елбасы мақаласында көзделген басым бағыттарды қысқаша түсіндіріп өтті. Ректор өз сөзінде аталмыш бағдарламалық құжаттың өзектілігі мен маңыздылығына, Қазақстанның жеткен жетістіктерін еселей түсу мен алға қойған игі мақсаттарымызға қол жеткізудің кілті болып табылатынын баса айтты.

        Сөз кезегін алған баяндамашылар Тәрбие ісі жөніндегі проректор, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаев, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы, «Филология және көптілді білім беру» институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, «Саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәділ Байділдәұлы Шілдебаев, «Филология және көптілді білім беру» институтының 1-курс докторанты Ержанов Алмат Ергешбайұлы және университетіміздің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Сеитов Рашид Қызырбекұлы Елбасы мақаласының саяси-идеологиялық маңызын сөз етіп, білім саласындағы жаңғыру мен мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтау Қазақстан дамуының негізгі бағдары болып табылатынын атап көрсетті.

       Тәрбие ісі жөніндегі проректор, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Жанатбек Ешенқожаұлы бағдарламалық құжатта алдыға қойылған міндеттерді саралап, пікір білдірді. Сондай-ақ, Ж.Е. Ішпекбаев Президент тарапынан қойылған мақсаттар елімізді технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығаратынын атап көрсетіп, онда көзделген игі бастамаларды кезең-кезеңге бөліп, ел дамуы мен өркендеуі үшін біртұтастықты сезініп, тарихи мұраларымызды, Қазақстан Тәуелсіздігінің беріктігін сақтауға бағыттайтын бірден-бір жол екенін ерекше атап көрсетті. 

           Дөңгелек үстел қатысушылары бағдарламалық құжат жүзеге асса ұлттық сана-сезімнің өсіп-жетілуіне, еліміздің тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, кемел болашаққа бет алатынына сенім білдірді.

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі  басқарма

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler