қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
23.02.2017

Университет жастары «28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың
Ең үздік жанкүйерлер» атағына ие болды

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында 28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиаданы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма және «Вечерний Алматы» газеті редакциясының ұйымдастыруымен ЖОО-ы арасында «Ең үздік жанкүйер» байқауы ұйымдастырылды. Байқау шарттары бойынша кез келген ЖОО-ның студенті немесе магистранты Универсиада ойындарының жүру барысында спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жанкүйерлік ұрандар, әндер, өлең жолдары, эссе, бейнероликтер мен топтық сэлфи т.б бағыттар бойынша сайысқа түсті.

Жанкүйерлердің ұсынған материалдары фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Вечерний Алматы» газетінің ресми парақшасында онлаин режимінде дауыс жинау байқауына жарияланды. Тәрбие басқармасының тікелей ұйымдастыруымен университетіміздің жанкүйерлері ұсынған «ҚазҰПУ Универсиаданы қолдайды» атты бейнеролигі онлаин дауыс беру режиміндегі байқаудың нәтижелері бойынша әлеуметтік желіде басым дауыс жинап, І жүлделі орынды иеленді.

Бейне роликті көру үшін мына http://kaznpu.kz/ru/video/ сілтемені басыңыз.
Университетіміздің жастары өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын осылайша жеткізе білді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқарма




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler