қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
23.02.2017

ЖҰЛДЫЗДЫ ВОЛЕЙБОЛ

Жастардың спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және түрлі маман иелерін бір спорттық алаңға тоғыстырып, достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында 2017 жылдың 18 ақпаны күні қазақ эстрадасы жұлдыздары,  №12 қалалық клиникалық емхана қызметкерлері және университетіміздің құрама командалары арасында «Жұлдызды волейбол» атты жолдастық кездесу өтті.
Сан-салалы маман иелерін бір ортаға тоғыстырған бұл спорттық жарыс өте тартысты өтті. Ойын нәтижесі бойынша «Медиктер» құрама командасы бірінші орынға, университетімздің құрама командасы екінші орынға, ал өнер жұлдыздарының құрамасы үшінші орынға орналасты.
Университет басшылығы жеңімпаз командаға арнайы кубок табыстап, ойынға қатысқан командаларға алғысын білдірді.
Жаппай спорт түрін насихаттау бойынша бұдан басқа «Денсаулық» спартакиадасы, «Жұлдызды футбол» атты футболдан жолдастық турнир, ректор кубогына арналған футзалдан турнир, ұлттық ойындар біріншілігін өткізу дәстүрге айналған.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқарма


 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler