қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
22.11.2016

Мемлекеттік Әнұранның мәтінін білу бойынша байқау ұаймдастырылды

 

2016 жылдың 22 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік әнұранның рөлін арттырып, қоғамдағы орнын айқындау, тұрғындар арасында мемлекеттік рәміздер, соның ішінде ҚР мемлекеттік әнұраны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастардың бойында отансүйгіштік сезімдері мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін қалыптастыру мақсатында Медеу ауданы әкімдігімен бірлесе Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тәрбие басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін білу бойынша байқау ұйымдастырды.

Іс шараның маңыздылығын ескере отырып, университетіміздің әр институттарынан 200-ге жуық студент-жастары қатысты. Патриоттық акция кезінде студенттер флешмоб өткізіп, бір мезетте Қазақстан Республикасының Әнұранын айтты. Сонымен қатар, жастар ҚР Мемлекеттік Әнұранына байланысты Медеу ауданы тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жасалып, мемлекетіміздің әнұранын мүлтіксіз орындаған Медеу ауданы тұрғындарына «Мың жасаған Алматы» атты кітапшалар таратылды. Қай елдің болса да Мемлекеттік рәміздері қашанда халықтың рухани болмысымен, философиялық ойлау өрісімен астасып жататыны бар. Біздің Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бір-бірімен үйлесіп тұруының өзі көп жайтты аңғартса керек. 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы





Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler