қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
24.10.2016

 

Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының басқармасының ұйымдастыруымен 19 қазан күні қала көлемініде «Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқауы өтті.

 

Байқаудың мақсаты бұқара арасында мемлекеттік тілдің қолданылу шеңберін кеңейту, тіл саясатын кеңінен насихаттау және қазақ тілінің мәртебесін арттыру. Бұл іс-шара Алматы Орталық Мемлекеттік Мұрағатының концерттік залында өтті. Байқауға 18 бен 30 жас аралығындағы дарынды жастар қатысты. Байқауға 30-дан аса қатысушылардың өтініштері қабылданып, поэзия, проза және де драма жанрларында шығармашылық туындылары көпшілікке ұсынылды. Бұл байқау шығармашыл, дарынды жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсете отырып, ізденістерін тереңдетуге бағытталған.

 

Байқаудың қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Тоқтасын Нұрғанат және Дауылбаева Назерке Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқарамасының басшысы Мамай Қаниұлы Ахетовтың «Алғыс хатына» ие болды.

 

                               

                               

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler