қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
20.04.2016

ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ДӘРІСТЕР

Өркениетті қоғам мен демократиялық мем¬ле¬кеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани бай¬лығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қа-білеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Ал, оларға бағыт-бағдар беру әрине ұстаздар еншісінде.
Заманауи қазақстандық қоғамның алдында болашақ мамандарға арнайы білімдерімен қатар рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды ұштастыра алатын әлеуметтік құзыретті, мәдениетті, жауапкершілік сезімі дамыған, интеллектуалды тұлғаны ұлтаралық келісім, әлеуметтік серіктестік, адам мен ұлт құқығының үйлесімділігі рухында тәрбиелеу міндеті тұр.
Еліміздің болашағы білімді, дарынды, елжанды ұрпақ десек, дарындылық пен білімділікті ұштастырып, білікті маман мен саналы азаматты қалыптастыратын негізгі бағыт - дұрыс тәрбие беру. Ал білікті мамандар біздің мемлекетімізді әлемдік деңгейде танытатын дара тұлға болатыны анық. Сондықтан еліміздің жанашыр, елжанды ұрпағын тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы.
Осы орайда қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болашақ мамандарды даярлау үрдісінде тек академиялық білімдермен қаруландырумен шектелмей, студент жастардың рухани әлемін ұлттық құндылықтармен байыту, оларға адамгершілік пен ізгілік қағидаларын үйрету, өздерін-өздері дамытуға қажетті тұлғалық-бағдарлы қатынасты күшейту мақсатында 2009 жылдан бері университет ректоры С.Ж. Пірәлиевтың тікелей басшылығымен тәрбие жетекшілігі жүйесі енгізіліп, жемісті нәтижелерін көрсетіп келеді. Бұл жүйе бойынша университеттегі барлық профессорлар-оқытушылар құрамы және қосымша құрылымдар қызметкерлері 5-7 студенттерден құралған шағын топтарға тәрбие жетекшілері болып тағайындалған. Бұл иновациялық идея тұлғалық-бағдарлық тәрбиенің іс жүзіне асырылуының негізгі тетігі деп қарастыруға болады. Тәрбие жетекшілері аптасына бір рет (қажет болса одан да көбірек) өздеріне бекітілген студенттермен адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, экологиялық, салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты мәселелер бойынша әңгімелер, мамандармен кездесулер, пікірталастар өткізіп, болашақ мамандардың тұлғалық өсуіне жан-жақты кәсіби көмек көрсетуде.
Қазіргі қоғамда ұлғайып бара жатқан жастар арасындағы өз күшіне деген сенімсіздік, төзімсіздік, шыдамсыздық, психологиялық күйзеліс, кейбір жағдайларда осындай қиындықтарға шыдамай алкоголизмге салынып, токсикоманияға, наркоманияға салынып, қыз балаларымыз жағымсыз қылықтарға бет бұрып, жастар арасында өздеріне қол жұмсау әрекеттері туралы көп естиміз.
Мінеки осындай жағдайлардың алдын алу, студент-жастарға кез келген уақытта қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес, дұрыс бағыт-бағдар бере алатын тәрбие жетекшілерінің бүгінде орны ерекше.
Университеттегі Тәрбие жетекшісі жүйесінің жұмысын жандандыру, тәрбие жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Тәрбие басқармасы 2011 жылдан бері университетіміздің тәжірибелі профессор-оқытушыларының қатысуымен дәстүрлі түрде тәрбие жетекшілеріне арналған мастер-кластар мен семинар-тренингтер ұйымдастырып отырады.
Бұл дәстүр биылғы оқу жылында өз жалғасын тауып, 28 наурызы мен 1 сәуірі күндері арлығында жүйелі жұмысын қайта жаңғыртты.
Аталған шара аясында тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша «Тәрбие жетекшілігі жүйесі және оны жүргізудің тиімді жолдары», жастар арасында суицидке жол бермеу мақсатында «Жастар арасында суицидальды мінез-құлықтың алдын алу», салауатты өмір салтын ұстану бойынша «Саламатты тамақтану - салауатты өмір негізі», жастарды еңбек нарығына бейімдеу мақсатында «Жұмыс іздеу формалары мен технологиясы», сонымен қатар Хәкім Абайдың ғибратты ойларын жастардың санасына сіңіру бағытында «Адамгершілік ілімі» тақырыптарында мастер-класстар, семинар-тренингтер мен рухани-танымдық дәрістер оқытылды. Бұл дәрістерді академик Ж.И. Намазбаева, профессор Ж. Шойынбет, профессор Ш. Балғымбеков, профессор А. Кунакбаев, педагогика ғылымдарының кандидаты Д. Нұрғалиева сынды білім ордасының білікті де тәжірибелі мамандары мен педагогтары оқыды.
Мұндай тағылымды дәрістер болашақ педагогтарды даярлап отырған тәрбие жетекшілерінің тынысын ашып, тәрбие үдерісін жетілдіре түсетіні анық.
Қорыта айтқанда, ұлт болашағы жастарды саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді талқылап, жастардың санасына сіңіре білу қажет. Осы мақсатта өтетін осындай іс-шаралар легі қара шаңырақ білім ордасында жалғасын таба бермек.


Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және
мемлекеттік тілді дамыту басқарамасы
бастығының орынбасары Қ.А. Бекбенбетова

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler