қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.04.2016

Қара шаңырақтың Қаракөзі «Қазақ аруы-2016» республикалық байқауының
үздіктер қатарында


2016 жылдың 16 наурызы күні Астана қаласының Конгресс Холл сарайында республикалық, дәстүрлі «Қазақ аруы-2016» байқауы болып өтті. Аталған сайысқа 600-ге жуық ару алғашқы іріктеуден өтіп, көркіне ақылы сай 21 ару финалға жолдама алды. 21 ару қатарында Алматы қаласынан, соның ішінде университетіміздің атынан Педагогика және психология институтының 3 курс студенті Жүрсін Қаракөз қатысып, көрермендердің ілтипатына бөленді.
Қарақөз білім ордасының табалдырығын аттаған сәттен бастап түрлі деңгейде ұйымдастырылатын шараларға белсене араласты, өзін биші ретінде таныта білді. Сонымен қатар ол университетіміздің «Әйгерім» сән театрының белді мүшесі.
Білімі мен өнерін ұштастыра білген ару бойындағы қабілетін Астана төріндегі өткен байқауда мінсіз көрсете білді. Өзіне қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, сахналық шеберлігі арқасында қазылар алқасының ерекше назарына ілікті.
Осылайша қара шаңырақтың Қаракөзі университетіміздің атын Астанаға паш етіп, мерейін үстем етті.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler