қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.10.2019

Үндістан ҰКК-ның кадеттерімен кездесу

 

Үндістан Республикасының Ұлттық кадет корпусы (ҰКК) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес 2019 жылы 6 қазанда университеттің әскери кафедрасына Үндістан ҰКК-ның делегациясы келді.

 

2019 жылдың 10 қазанында университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов подполковник Кандашами Джайандан және ҰКК кадеттерімен кездесу өткізді. Кездесуге әскери кафедраның басшысы полковник Радмир Рақышев қатысты. Әңгіме барысында М.Бектемесов университетте студенттерді оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтті, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар 2019 жылғы 01-12 қараша аралығында Реджастан штатының Джайсалмер қаласында өтетін шөл сафариіне (түйе сафари) біздің университетіміздің әскери кафедрасынан студенттердің қатысуы туралы айтылды. Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті.

 

   

 

   

 

Әскери кафедра