қазақша · русский · english
 
 
 
Практикалық тілдер кафедрасы

 

 Шаханова Розалинда Әшірбайқызы
Профессор
Педагогика ғылымдарының докторы
Достық даңғылы, 13
 8-701-731-20-97
lindaros@mail.ru

Практикалық тілдер кафедрасы туралы жалпы мәліметтер

 

Практикалық тілдер кафедрасына педагогика ғылымдарының докторы, проф. Шаханова Розалинда Аширбаевна жетекішік етеді. Ол өз кезегінде ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Педагогикалық білім беру ғылымдарының халықаралық академиясы және халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетің «Құрмет белгісі» мерейтолық медалінің иегері (2014), «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2015).
Практикалық тілдер кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ барлық институттарына қызмет көрсетеді: Филология және көптілділік білім беру институты, Педагогика және психология институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Математика, физика және информатика институты, Жаратылыстану және география институты, Тарих және құқық институты, Сорбонна-Қазақстан институты. Кафедра «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі» пәндерін жүргізеді.
Кафедраның жұмысы Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары мен оқытудың несиелік технологиясының талаптарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталған.
Кафедра қазақ және орыс тілдері бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын, кәсіби бағдар жұмыстарын, халықаралық қызметті, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жұмыстарын жүзеге асырады.
Жалпы ғылыми кафедралық тақырып: «Жоғарғы оқу орнында және мектепте қазақ және орыс тілдерін кәсіби бағытталған оқыту процесін оңтайландыру»
Кафедраның миссиясы: жоғарғы оқу орнында ұсынылатын мамандықтардың есебімен жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды тілдік тұрғыдан дайындауды жүзеге асыру.
Кафедрада сабақ берудің жетекші қағидасы болып несиелік жүйе негізінде студенттерді қазақ және орыс тілдеріне кешенді кәсіби бағытталған оқыту табылады.
Кафедраның негізгі міндеті - аса өнегелі, әлеуметтік белсенді, кәсіби құзырлы тұлғаны тәрбиелеу.
Кафедраның міндеттері:
- оқытудың методологиялық негіздерін, лингводидактиканың алдыңғы қатарлы технологияларын, оқытудың ықпалдастық тұжырымдамасы арқылы коммуникативтік тәсілдемесін зерделеу мен қолдану;
- орыс аудиториясына қазақ тілін оқыту және қазақ аудиториясына туған тілді үйренгеннен кейінгі орыс тіліне оқытудың инновациялық технологияларын ендіру арқылы оқу процесін жетілдіру;
- арнаулы және академиялық мақсаттарда қазақ және орыс тілдерін қолдану арқылы оқытылатын мамандықтардың аясында кәсіби бағтталған коммуникацияға студенттердің сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- кәсіби тілдесуде мамандық тілін одан әрі қолдану деңгейінде мәдениет аралық-коммуникативтік құзыретті дамыту, сонымен қатар сөздік қатынас мәдениетін тәрбиелеу;
- стандарттар мен үлгілік жоспарларға сәйкес келетін әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, жұмыс бағдарламаларын, пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, пәндер бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдарын дайындау;
- қазақ тілін және туған тілді үйренгеннен кейінгі орыс тілін оқытудың филология, педагогика, әдістемесі бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- оқу және ғылыми жұмыстардың бірлесуін қамтамасыз ету, практикалық тілдер кафедрасының Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің жоғарғы оқу орындарымен байланысын кеңейту және нығайту.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы - өз кезегінде Қазақстанның заманауи филология ғылымын дамытуға зор үлесін қосқан танымал ғалым-педагогтар, әдіскерлер. Кафедраның мүшелерімен орта мектептерге, жоғарғы оқу орындарына, магистратура мен докторантураға арналған бірқатар оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми монографиялар, үлгілік бағдарламалар мен білім беру стандарттары дайындалды. Кафедраның оқытушылары Алматы қаласы және ҚР оқушыларға арналған сайыстары мен олимпиадаларының тұрақты жюри мүшелері, ғылыми жобалардың жетекшілері болып табылады.
Практикалық тілдер кафедрасының ғылыми-педагогикалық кадрларының әлеуеті жеткілікті жоғары дәрежеде. Кафедрада 21 оқытушы еңбек етеді: 3 пед.ғ.д., профессорлар (Шаханова Р.А., Кажигалиева Г.А., Чингисова А.А.), 1 ф.ғ.д., унив.профессоры (Жумагулова Б.С.), 1 ф.ғ.к., унив.профессоры (Уюкбаева М.И.), 4 ф.ғ.к., доценттер (Шахарман Г.П., Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р., Умирзакова З.А.), 3 пед.ғ.к., доценттер (Бекишева Р.И., Акбембетова А.Е., Нургали С.), 1 ф.ғ.к., аға оқытушы (Османова З.Ж.), 1 п.ғ.к., аға оқытушы (Алибаева М.С.), 1 PhD докторы (Нурбаева А.М.), 1 магистр, аға оқытушы (Есимбек С.И.), 3 магистр, оқытушылар (Амангелдиева Г.А., Шолтай С.Ш., Онгарбаева А.Т.), 2 аға оқытушы (Тохтамова Р.К., Шинтемирова А.М.).
Кафедра жанында қазақ және орыс тілдерінің әдістемелік секциялары, «Тіл -таным» студенттердің ғылыми клубы және «Педагогикалық риторика»  жұмыс істейді.


Кафедра тарихы


 

 

11
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler