қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.04.2019

Бос орындар жәрмеңкесі - 2019

 

12 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Ректор Такир Балықбаев жәрмеңкеге келген жұмыс берушілер мен студенттерді салтанатты іс-шарамен құттықтап, сөз сөйледі.

 

Жәрмеңке барысында университет түлектерін жұмыспен қамтуға арналған «Mansap» мобильдік қосымшасының тұсауы кесілді. Сонымен қатар жылдағы дәстүрден ерекше болу үшін, түлектердің қарым-қабілетін көрсету мақсатында бітіруші түлектерге арнайы сөз беріліп, жұмыс берушілердің алдында өздерін көрсетуіне мүмкіндік берілді.

 

Бұған қоса бос орындар жәрмеңкесіне қатысушы студенттер жұмыс берушімен дұрыс сөйлесе алуы үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарды HeadHanter компаниясының маркетологы Гүлнұр Махамбек жүргізді.

 

Бос орындар жәрмеңкесіне 120 мекеме қатысып, 350 бос орын ұсынды. Оған қоса бітіруші түлектерге республикамыздың түкпір-түкпірінен 1700 бос орындар ұсынылды. Жәрмеңкеге келген барлық мекемелер бітіруші түлектер мен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтындықтары туралы мәлімдеді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы



34

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler