қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.04.2019

ҚазҰПУ докторанттары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болды

 

2 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында VI Халықаралық Фараби оқулары мен Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті.

 

Іс-шараларға Тарих және құқық институтының «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының докторанттары Жанат Жанбаева мен Бакиттижамал Иманмолдаева және докторанттардың шетелдік жетекшісі, Түркиядағы Ақдеңіз университетінің профессоры Шахин Филиз, ғылыми жетекші (Жанат Жанбаеваның), профессор Дәуренбек Құсайынов қатысты.

 

Сондай-ақ Халықаралық форум жұмысына белгілі шетелдік және отандық ғалымдар, таяу және алыс шетел сарапшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР СІМ және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Конференция жұмысын ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің өзектілігі мен тереңдігін атап өтті.

 

Форум барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанттарының шетелдік жетекшісі профессор Шахин Филиз «Әл-Фараби - X ғасырдағы Түркі ренессансының көшбасшысы» тақырыбында баяндама жасады.

 

Іс-шараның қорытындысы бойынша ҚазҰПУ докторанттарының шетелдік жетекшісіне және докторанттарға сертификаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

«Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының докторанттары