қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
09.04.2019

Ақын Жүрсін Ерманмен кездесу

 

9 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университет түлегі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның студенттермен кездесуі өтті. Кездесуді университеттің Түлектер қауымдастығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы ұйымдастырды.

 

Іс-шараны тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашты. Жанатбек Ішпекбаев «Жастар жылы» аясында өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап, талантты жастарымызды қолдау, шығармашылық шабыттарын шыңдау, патриоттыққа тәрбиелеу үшін елге сыйлы тұлғалармен кездесу өткізіп, солардың азаматтық қырлары мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырғанын айтты.

 

Жүрсін Ерман қазіргі таңда айтыс өнерінің жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқанын, ұлттық өнерімізді дәріптейтін жастарымыздың қатары күннен-күнге артып келе жатқаны қуантатынын айтып, өзінің өмір жолымен, қара шаңырақ білім ордасынан бастау алған студенттік жылдарының қызықты кезеңдерімен бөлісті. Сондай-ақ Жүрсін Ерман өзінің бес томдық шығармалар жинағын Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығына тарту етіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

Іс-шара барысында белгілі ақын Серік Қалиев Жүрсін Ерман ағамыздың «Қасымның үйі» толғауын орындаса, Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығының ақындары Әлмахан Ақсұңқар, Жеңісхан Қазыбек айтыстан үзінділер келтіріп, кездесу қонағына деген арнау өлеңдерін оқыды. «Түлектер қауымдастығының» атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров Жүрсін Ерманды университеттің 90 жылдық төсбелгісімен марапаттады.

 

Кеш соңында Жүрсін Ерман өзіне жасалған құрметке шексіз алғысын білдіріп, университет жастарына батасын берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім


 



35

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler