қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.04.2019

Санкт-Петербургтегі

«Детские книги как крылья» халықаралық пікірталас алаңы

 

2019 жылдың 26-31 наурыз аралығында «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының он екі студенті (2 курс) конкурстық іріктеуден өтіп, А.И. Герцен атындағы РМПУ балалар институты (Санкт-Петербург қ.) ұйымдастырған «Детские книги как крылья» халықаралық пікірталасқа қатысты.

 

Шақырылған қатысушылар арасында Ресейдің басқа қалаларының студенттері мен магистранттары (Томск, Пермь, Екатеринбург), сонымен қатар Армения (Ереван) мен Польша аспиранттары (Слупск) болды.

 

Шара бағдарламасына:

- заманауи балалар кітаптарының мәселелері мен қақтығыстары бойынша пікірталас;

- XX-XXIғғ. балалар әдебиетінің семантикалық аспектілері бойынша ғылыми семинар;

- А.С. Пушкин атындағы орталық қалалық кітапхананың екі филиалына бару;

- Санкт-Петербургте тұрған жазушыларға байланысты жерлерге экскурсия;

- Сарай алаңындағы Бас штабта әдеби шығармалар бойынша интерактивті ойын-квест;

- екі спектакльге бару: А.Блоктың «Двенадцать» поэмасы бойынша (Александрия театры) және «Одиночество в сети» (Балтық үйі) кірді.

 

Біздің студенттер барлық шараларға белсене қатысты. Олар пікірталас алаңында шығармаларды жақсы білетіндігін көрсетті, балалар кітаптарындағы келіспеушіліктерді дәлелді түрде талқылап, өз пікірлерімен, ұстанымдарымен бөлісті.

 

Ғылыми семинарда біздің ЖОО атынан аудиторияның қызығушылығын тудырған үш баяндама ұсынылды: Лебедева Александра - «Три сценария жизни в книге Д. Сабитовой «Три твоих имени»; Потапенко Анастасия - «История одной дружбы в книге М. Парр «Тоня Глиммердал», Нусипбекова Арайлым - «Парадоксы воспитания в книге Р. Даля «Матильда».

 

Біздің барлық он екі студентіміз пікірталас алаңына қатысқаны үшін сертификаттар мен балалар кітаптарының сыйлық даналарын алды және басқа ЖОО-мен ғылыми ынтымақтастықтың бай тәжірибесін жинады.

 

Студенттердің халықаралық ғылыми кездесуіне қатысушылар берілген мүмкіндік үшін біздің университетке ризашылығын білдіреді және жастардың халықаралық ғылыми ынтымақтастығы үшін маңызды шарада жылы қабылдағаны және тамаша ұйымдастырғаны үшін А.И. Герцен атындағы РМПУ балалар институтына, доцент М.С. Костюхинаға алғыс айтады.

 

   

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы