қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы әрқашан алдыңғы қатарлы кафедралардың бірі болып саналады. Кафедра кәсіби экономистерді 1993 жылдың 15 қазанынан бастап дайындап келеді. 1993 жылы кафедра «Банк ісін ұйымдастыру» деп аталған және 050509 - Қаржы мамандығы бойынша студенттерді дайындаған.1999 жылы «Есеп, аудит және банк ісі» деп аталып 050509 - Қаржы және 050508 - Есеп және аудит мамндықтарын оқытатын. 2005 жылы кафедра «Есеп, аудит және қаржылық нарық индикаторлары» болып өзгеріп, тек «050508 - Есеп және аудит » мамандығы бойынша студенттерді дайындады. 2008 жылы «Есеп және аудит» мамндығы бойынша магистратура ашылды. Оған ҚР ҰҒА академигі Нарибаев К.Н., эғ.д.,профессоры Айманова Л.Б. елеулі еңбек сіңірді.

2012 жылы «Қаржы» және «Есеп және аудит» кафедрасын біріктіріп, «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра түлектері өздерінің білімін магистратурада оқу арқылы жалғастыра алады. Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі - Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент - мүшесі , э.ғ.д.,профессор Иманбердиев Б.Д.

Қазіргі таңда Қазақстанның интеллектуалды болашағын қалыптастыру бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

·           Студенттік өмір

Кафедрада бірінші курстар үшін студенттік шаралар 1-ші қыркүйек күні - жыл сайынғы студенттер қатарына  қосылу мейрамынан басталады.

«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының студенттері мемлекеттік, университет және институт  өміріндегі мейрамдарға белсене  қатысады. Білім алушылар бірінші курстардың студенттер қатарына қосылу мейрамына қызу дайындалады және студенттердің ғылыми - практикалық конференцияларына, салауатты өмір салты мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдерге  баяндамалар  жасайды. Сондай-ақ, «Қаржыгерлер күніне», Республиканың Тәуелсіздік күніне, Наурыз мейрамын тойлауға және басқа да мейрамдарды өткізуге белсене ат салысады.

Спорттық өмір

«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының студенттері мен оқытушылары университеттің және институттың спорттық іс - шараларына белсенді қатысады. Жыл сайынғы жалпы университеттік спартакиадаға, спорттық мейрамдар және басқа да дене шынықтыру шараларына кафедра оқытушылары мен студенттердің қатысуы, дене шынықтыруды жетілдіруге апаратын жол болып табылады. Сондай-ақ, жыл сайын білім алушылар үшін студенттік спорттық іс - шаралар, спартакиадалар және шахмат, фотбол, волейбол, теннис, веложарысулар және тағы басқа да жарыстар ұйымдастырылады.

Студенттік жастар арасында спорттың әр түрлері бойынша жоғары спорттық жетістіктерге жеткен тұлғалар бар. Мысал үшін «Қаржы» мамандығының 3-ші курс студенті Сулиев Кемранды  айтсақ болады (еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер).   Ол әр түрлі спорттық жарыстардан жеңімпаз болып табылады.