қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.02.2015

«Поэзия- әсемдікті мүсіндеу»


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к., Е.С.Қасеновтың ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия- әсемдікті мүсіндеу» атты мүшәйра болып өтті. Мүшәйраға Институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нүптекеева Г., кафедра меңгерушісі п.ғ.д., доцент Дәулетбекова Ж.Т және бір топ студент жастар мен кафедра оқытушылары қатысты.
Мүшәйра мақсаты М.Мақатаевтың туған күніне және ана тілімізге арналған студент жастардың бұрын еш жерде жарық көрмеген өлеңдерін немесе толғауларын тыңдарман талғамына ұсыну. Студентер М.Мақатаев пен ана тілімізге арналған жыр шумақтарымен келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсіресе Филология институтының 2 курс студенттері Құлбек Алтынай мен Үсенов Нұрболаттың өлеңдері тыңдарманнаң ерекше ықыласына бөленді.
Кеш соңында мүшәйраға қатысқан жеңімпаз студент жастарды Институт басшылығы марапаттады.