қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.12.2018

 

Құрметті профессорлар, оқытушылар,

қызметкерлер мен студенттер!


Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл - ғажайыптарға сенім, сәттілікке үміт, көптеген жеке және кәсіби жаңа жоспарлар сыйлайды. Өткен жылда сіздерді қуантқан барлық жақсы істер жаңа жылда жалғасын тапсын!

 

Өткен жыл жарқын қоғамдық маңызды оқиғаларға толы болды. Бұл біз үшін, әрине, университеттің 90 жылдық мерейтойы. Мерейтойды ұжым жоғары жетістіктермен қарсы алды. Университет QS World University Rankings рейтингінде 481-ші орынды иеленіп, ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында үздік атанды.

 

Мен сіздердің әрқайсыңызға біздің университеттің ғылыми және білім беру ісін дамыту жолында және бүкіл Қазақстанның білім саласындағы жарқын болашағына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

 

Алдағы жылы атқарылатын жұмыстар өте көп. Бұл, ең алдымен, инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру саласын трансформациялау, білім беруді жаңа, сапалы жоғары деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін цифрландырудың енгізілуі.

 

Біз, жоғары оқу орны мұғалімдері, білім беру мен еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеу жолында әлеуметтік сана мен рухани жаңаруды жаңғырту арқылы, яғни Қазақстан Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған өршіл міндеттерді жүзеге асыра отырып,заманауи сын-қатерлерге жауап беретін педагог кадрларын даярлауда өте маңызды міндетті орындаймыз.


Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Біздің міндетіміз - жастарды тәрбиелеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Жастар жылын өткізуде лайықты үлес қосады.

 

Біздің ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжірибеміз университеттің және еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерін шешуде ең тиімді нәтижемен пайдаланылатынына және алдағы 2019 жыл жоғары жетістіктердің жылы болатынына сенімдімін.

 

Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй мен сәттілік тілеймін және алға қойған мақсаттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспін! Сіздердің жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігі, әріптестер мен достардың құрметі сіздермен бірге болсын! Жаңа жылға жоспарлаған әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

 

 

Құрметпен,

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры

Такир Балықбаев