қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.11.2018

ҚазҰПУ-да «Students week -2018»

 

«Campus-1928» студенттік журналы (университеттің ашылған жылы) және Жастар ісі жөніндегі комитеттің хабарлауы бойынша: университетте «Students week-2018» студенттік апталығы өтуде!

 

Студенттік апталық түрлі жарқын оқиғалармен, қызықты бағдарламалармен және ҚазҰПУ студенттерінің әлеуетін ашуға бағытталған белсенді іс-әрекеттермен ерекшеленбек! Іс-шаралардың керемет аттарымен, ең бастысы - тиімді (!) нәтижелер көрсетілмек: «Golden party» ашылу салатанат кеші; «Second heartbeat»  қайырымдылық кеші; «Best Faculty»  квест-ойындары; «My Universe -20018» видео-вайн жарыстары; Институт аралық КВН ойындарынан турнир, тіпті университеттің Ректор кубогына Клубтың қызықты және тапқырлар ойындары және «Autumn Award-2018» гала-концерті.

 

Өз кезегінде «Campus-1928» студенттік журналы сіздер үшін  студенттік апталығының қалай өткені жайлы үлкен репортаж дайындауда. Әрине,  бұл репортажда  бұл аптаның үздік кейіпкерлерінің  сұхбаттарын да табасыз!

 

Біздің университет өз студенттері үшін әрдайым биік мақсат, жоғары деңгейді көздеуде. Дарындыларды жігерлендіру арқылы біз сіздердің белсенділіктеріңізді қолдаймыз.  Белсенді болыңыз, бізбен бірге болыңыз!