қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.11.2018

Бекен Ыбырайымның үш сыйлығы

 

Университетіміздің «Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, сыншы Бекен Ыбырайым 2018 жылы үш бірдей әдеби сыйлыққа ие болды.


«Жылдың ең үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті - «Дарабоз» конкурсында «Саяхатшы достар» ертегі-хикаясы үшін «Алтын қалам» әдеби жүлдесіне ие болған жазушы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдық мерейтойына арналған республикалық прозаиктер байқауында екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.


Сонымен бірге республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлері ұйымының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы және «Әдебиет порталы» интернет-жобасы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлт болмысы» әдеби байқауында проза жанры бойынша Бекен Ыбырайымның повесі арнаулық сыйлыққа ие болды.

 

Бекен Ыбырайымның зерттеулері мен әдеби-сын жанрындағы шығармалары, повестері мен әңгімелері жас ұрпақты адамгершілік асыл қасиеттерге, отаншылдыққа, патротизмге тәрбиелейтін құнды дүниелері әдебиетіміздің алтын қорына қосылған елеулі еңбектер деуге болады.

 

  


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім