қазақша · русский · english
   

Лэйден университетінің профессорлары тренинг өткізді


22.11-27.11.2017 жылы аралығында Лэйден университетінің профессорлары Хэнк Фрэнкен және Элиз Сторк, PhD Даан Ромейн European Commission және the Nuffic ұсынған Эразмус+қызметкерлердің Халықаралық Кредиттік Ұтқырлық алмасу бағдарламасы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің студенттері мен магистранттарына тренинг-курс өткізді. Аталмыш курс Филология және көптілді білім беру институтының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Абуов, аға оқытушы З.Н.Утегулова және оқытушы Г.О.Беркинбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

 

  

 

  

 

  

 

Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының оқытушысы Картабаева Аяна Алгагалиевна 2017 жылдың 6-10 қараша аралығында Мысыр елінің Шарм-эль-шейх қаласында Әлемдік жастар форумына қатысты. Аталған форумның мақсаты әлемдік көшбасшы жастарын бір мекенге жинап, дүние жүзінде болып жатқан өткір мәселелерді талқылау. Форум барысында көптеген елдерден келген басшылар мен жастар әлемдік бірлік пен татулық, заманауи даму мен салт дәстүрлерді сақтау, тіл мен мәдениет және тағы да басқа тақырыптарда көзқарастар мен ұсыныстарымен бөлісті.

 

  

 

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор Аяпова Т.Т, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Букабаева Б.Е., филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.Кемелбекова З.А., аға оқытушы Әліпова Ә.Т., шетелдік серіктестік-жоғары оқу орындарының профессорларымен PhD профессор Вехби Айтекин Саналан, Эрзинджан университеті педагогика факультетінің профессоры (Түркия), PhD профессор Мехмет Бекдемир Эрзинджан университеті педагогика факультетінің профессоры (Түркия), PhD профессор Линн Парментер Назарбаев университеті Жоғары білім мектебі деканының орынбасары, PhD профессор Либби Тудбалл Монаш университеті педагогика факультетінің профессоры (Австралия) PhD профессор Иен Девис Йорк университеті білім Департаментінің профессоры (Ұлыбритания) авторлық бірлестікте «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағдарламасы» (2012ж.) аясында 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша Халықаралық, мемлекеттік білім бағдарламасын жасады. Білім бағдарламасының жаңашылдығы, бағдарлама алғаш рет модульді білім беру технологиясы бойынша еурпалық білім беру стандарты сәйкес жасалынып отыр. 2015-2016 оқу жылынан бастап 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс студенттері осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Аяпова Т.Т, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Букабаева Б.Е. , филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.Кемелбекова З.А.,
Университет профессоры Исмаил Н.М. 2012жылдың, ақпанның 6нан 14 дейін Австрияның Линц университетінде болды. Австрияның білім жүйесімен танысып, дәрістерге катысып, біздің елдің білім жүйесіне байланысты презентация өткізді.
2012жылдың, 30сәуірінен 21мамырға дейін аға оқытушы Қасымбекова А.Т. 6М011900 -шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша ғылыми тағылымдаманы Түркияның, Нийде университетінде өтті.Тәжірибе алмасу мақсатында университет докторлары Гохан Четинкай и Кемиль Учеридің дәрістеріне қатысты.
. Желтоқсан айында, 2012 аға оқытушы Султанкулова Ш.У. Үндістанның Лакнау қаласының университетіне барып, халықаралық ғылыми семинарға қатысты «Improving teaching efficiency of Languages in educational institutions». Сонымен қатар кәсіби тренингтерге де қатысты.
2013-2014 жылдар аралығында кафедра оқытушылары, яғни ф.ғ.к, доцент м.а. Букабаева Б.Е. п.ғ.к Ешімбетова З.Б, аға оқытушылар Қасымбекова А.Т., Мырзахметова А.Т., жауыншиева Ж.Б.. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бойынша Ұлыбританияның Ньюкасл және Норвич университеттерінде біліктіліктрін арттырып келді.