қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2018

Шетелдік білім алушылардың Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының өкілдерімен кездесуі

 

2018 жылдың 17 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Халықаралық ынтымақтастық басқармасы шетелдік азаматтардың Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы Данияр Аденовпен кездесу өткізді.

 

Аға инспектор Данияр Аденов шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуі және болуы, шетелдік азаматтардың Қазақстаннан кету ережелері мен уақытша болатын тіркеу ережелері, Қазақстан Республикасының аумағында жүру, визаларды алу туралы және т.б. сұрақтарға жауап берді.


Іс-шараға институт ди⁠ректорларының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарлары, кафедра оқытушылары, шетелдік білім алушылар қатысты.

 

Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған көші-қон заңнамасының ережелеріне қатысты сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

   

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы