қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.12.2017

Абай атныдағы ҚазҰПУ мен МПМУ: әріптестіктің болашағы


2017 жылғы 11 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев жұмыс сапарымен Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде болып, оның ректоры Алексей Лубковпен кездесті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен МПМУ педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығын (ПУЕҚ) құру жөнінде бастама көтеріп, оған қос құрылтайшы болған еді. Бұл қауымдастықтың негізі 2015 жылғы мамыр айында Алматыда өткен ТМД елдері педагогикалық жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде қаланған-ды. Кездесуге Ресей Федерациясының, Беларусияның, Қазақстанның, Қырғызстан мен Арменияның педагогикалық жоғары оқу орындарының 50-ге жуық ректорлары қатысып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің педагогикалық жоғары оқу орындарының қауымдастығын құру туралы бірауыздан шешім қабылдағын болатын. Осы кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ мен МПМУ аталған қауымдастықтың құрылтайшысы  болып тағайындалған.

 

2016 жылғы маусым айында Қауымдастық Ресей Федерациясының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Бүгінде оған Ресейдің, Беларусияның, Қазақстанның, Қырғызстан мен Арменияның 44 жоғары оқу орындары мүше болып отыр. Қауымдастықтың президенті болып  Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің ректоры Алексей Лубков, вице-президенті болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев сайланды.

 

Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің бас ғимаратында Алексей Лубков пен Такир Балықбаевтың кездесуінде педагогикалық жоғары оқу орындарының қазіргі таңдағы іскер қарым-қатынастары және әріптестік байланыстың болашағы туралы кеңінен сөз болды. Университтер арасындағы сенімді көп салалы әріптестік қарым-қатынас білім беру және ғылым саласында жан-жақты дамитыны, сондай-ақ қауымдастыққа мүше барлық педагогикалық ЖОО-лар арасындағы байланыс нығая түсетіні атап көрсетілді.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына байланысты Педагогикалық университеттер Еуразиялық қауымдастығына мүше ЖОО-лар 2018 жылы қазанда ғылыми конференция өткізу, онда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі педагогикалық білім беруді интеграциялау мәселелерін талқылауға ұсыныс жасалды.

 

Сондай-ақ ректорлар кездесуінде 2018 жылы қауымдастықтың педагогикалық ЖОО-ларының жас мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық бастама» конкурсын өткізу жөнінде ұсыныс қолдау тапты.

 

Ректорлардың әріптестікті тереңдету жөнінде жақын арада екі жақты келісім жасасатыны, 2018 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жетекші педагогикалық жоғары оқу орындары ректорларының кездесуін өткізуді жоспарлауы бұл бас қосудың ең маңызды нәтижесі болды.

 

  

 

  

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім