
 
|  Негізгі бет /
Хабарландыру 
29.06.2020 Магистратураға түсуші түлектер назарына! 
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген ЖЖОКБҰ 2020 жылы магистратураға түсушілерден кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 2020 жылдың 15 маусымы-15 шілдесі аралығында жүргізіледі. 
 Магистратураға түсушілерге арналған шығармашылық емтихандар 2020 жылдың 20 - 28 шілде аралығында өткізіледі. 
 2020 жылы магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысушылар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына жүгінбей дербес (өз бетімен) өтініш береді. 
 Өтініш беру үшін түсуші: 1. https://egov.kz сайтында модильдік азаматтар базасына тіркеледі; 2. https://did.gov.kz сайтында Digital.ID-цифрлық паспортын құрады; 3. Орталықтың https://pvo-zayav.testcenter.kz сайты арқылы тіркеліп, кешенді тестілеуге қажетті мәліметтерді толтырады. 
 
 Сонымен бірге кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады. 
 Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8(7172) 69-50-97, 69-52-74, 69-52-73 телефондарына хабарласуға болады. 
 |