қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.04.2020

 

2020 жылғы жоғары оқу орындарына түсуші түлектердің назарына!!!


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғаларынан, ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдардан Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) өтініштер қабылдау қашықтан on-line форматында 2020 жылы 20 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізіледі.

 

Талапкерлердің өтініш беру алгоритімі:

 

1. Ұлттық тестілеу орталығы сайты арқылы ent2020-tipo.testcenter.kz. сілтемесімен тіркелуден және авторизацияланудан өтеді:

- талапкер өзінің электрондық поштасын көрсетуі керек, сол поштаға логин мен пароль жіберіледі;

- сайтқа логин мен парольді енгізе отырып авторизацияланады.

2. Түсушінің одан кейінгі әрекеттері сайттағы нұсқаулықта көрсетілген (жүйеде жүктелген).

3. Аталған интерфейсте түсуші өзінің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz  арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуі тиіс. Тестілеу бағасы - 2242 теңге.

4. Алдын ала өтініш беру рәсімі бойынша құрылған «мәлімдеме номерін» және оқуға түсуге таңдаған мамандығын, қабылдау комиссиясына тапсыратын төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін талапкер өзі көрсеткен ЖОО-ның техникалық хатшысына (телефон, WhatsApp, әлеуметтік желілер т.б. арқылы) хабарлап жіберуі қажет.

 

ҰБТ-ға өтініш білдіру, ЖОО-ға қабылдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жауапты  техникалық хатшыларға хабарласуға болады.

Абай атындағы ҚазҰПУ - гі білім бағдарламаларының (бұдан әрі - ББ) институт бойынша тізімі және ББ, талапкерлерден құжат қабылдауға жауапты  техникалық хатшылар телефондары, электронды почталары соңында берілген.

 

Ескерту: Түсуші ЖСН-нын енгізгенде мәліметтері (ТАӘ, туған жылы) Ұлттық білім беру деректер қорынан (бұдан әрі - ҰББДҚ) жүктеледі.

Егер, ТАӘ немесе туған жылында қате болған жағдайда немесе ҰББДҚ-дан мәліметіңіз табылмаған жағдайда ЖОО-ның техникалық хатшысына хабарласу қажет.

 

1. Өтінішті тіркеу (ЖОО-ның жауапты хатшылары түсушінің мәлімдеме номерін деректор қорына тіркейді).

1)ЖОО-ның техникалық хатшысы ent-tipo.testcenter.kz. сілтемесіне логин мен пароль (авторизация) енгізе отырып тіркеледі.

2)Түсушінің мәлімдеме номерін жұмысқа алу (түзету енгізу), түсушіні деректер базасына тіркеу және талапкерге анықтамасын жолдау жұмыстарын ЖОО-ның техникалық хатшысы атқарады.

Талапкерден төменде көрсетілген құжаттардың түп нұсқасын ЖОО-ның қабылдау комиссиясы елдегі төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін қабылдайды:

1. өтініш (ЖОО-да беріледі);

2. 3 x 4 көлемдегі екі фотосурет;

3. орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

 

Ескерту: 

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына уақытша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама өткізуге болады.

4. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5. электронды нысандағы 086-У нысандағы медициналық анықтаманы тапсырады.

 

Ескерту: Егер,

-  түсуші ЖСН-ын енгізу арқылы ҰББДҚ базасынан мәліметтері жоқ болған жағдайда;

- халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар (орта білім беру ұйымын 2020 жылы аяқтағандар) алдын-ала өтініш берместен бұрын, тікелей ЖОО-ның техникалық хатшысы арқылы өтініш береді.

Бұл ретте, ЖОО-ның техникалық хатшысы талапкердің тестілеуге қатысты мәліметтерін 2017 жылғы 2 мамырдағы No 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес және төлемақы түбіртегінің көшірмесін талапкерден (телефон, WhatsApp, электрондық пошта т.б. арқылы) қабылдайды.

 

Ескерту: «Өтініш ҰБТ-2020» веб-қосымшасы 2020 жылғы 10 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-де автоматты түрде жабылады.


Абай атындағы ҚазҰПУ - дың 2020 жылы талапкерлерден өтініш қабылдауды ұйымдастыратын техникалық хатшылар тізімі