қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.03.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-конкурс

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «SANALY URPAQ» республикалық Жобалық кеңсесімен және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ-мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта онлайн конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.


Конкурстың мақсаты - білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың ортасын қалыптастыру.


Конкурс номинациялары:
- «Үздік эссе»,
- «Үздік сурет»,
- «Үздік бейнеролик»,
- «Үздік өлең».


Шарттары:
1. Конкурсқа материалдар онлайн қабылданады;
2. Конкурсқа материалдар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын қабылданады;
3. Материалдар 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұсынылуы тиіс;
4. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс өткізу мерзімі:
Конкурс 2020 жылдың 10 сәуірінен 30 сәуіріне дейінгі аралықта өтеді.
Конкурсты ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы мен байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71.
Эссе мен өлеңдер келесі e-mail-ге жіберіледі: n_latifa_b@mail.ru, байланыс нөмірі: +77077836637.
Суреттер, плакаттар, стикерлер мен бейнероликтерді venera.dzhumataeva@gmail.com e-mail-і арқылы жіберу қажет, байланыс нөмірі: +77752043944.