қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.12.2019

Педагогикалық білімді жаһандандыру бойынша халықаралық семинар


2020 жылдың 17 қаңтарында Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде «Цифрлық университет: педагогикалық білім берудің халықаралық жаһандануы» III Халықаралық ресей-қазақ ғылыми семинары өтеді. Оны ұйымдастырушылар - Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті. Семинар заманауи педагогикалық университет қызметінің барлық түрлерін дамыту үшін цифрлық технологияларды құру және кешенді пайдалану мәселелерін талқылауға арналған.


Семинар жұмысының бағыттары:

- педагогтарды даярлаудағы Еуразиялық Одақ мемлекеттерінің цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастығы;

- педагогикалық жоғары оқу орындарын кешенді цифрландырудағы теориялық және практикалық тәсілдер;

- білім беруде цифрлық технологияларды тиімді қолдану үшін педагогтарды даярлау жүйесін қалыптастыру;

- педагогикалық университеттерде цифрлық технологиялар және мамандар даярлау құралдары.

 

Семинарға қатысатындар:


Такир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы, Қазақстан;

 

Валерий Ковалевский, В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, Красноярск, Ресей;

 

Есен Бидайбеков,  Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан;

 

Бектас Бостанов, Абай атындағы ҚазҰПУ -дың STEM-парк директоры, Алматы, Қазақстан;

 

Николай Пак, В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, Красноярск, Ресей;

 

Екатерина Лавренова, Цифрлық білім беру институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті,  Мәскеу, Ресей;

 

Сергей Григорьев және Вадим Гриншкун, Цифрлық білім беру институтының кафедра меңгерушілері, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Мәскеу, Ресей.

 

Байланыс: аймақтармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Низяева Юлия Александровна. Тел: 8-495-699-64-25 , e-mail: NizayevaUA@mgpu.ru.

 

Өтетін орны: Мәскеу қаласы

 

Қатысам және сертификат аламын деушілер жаңалықта электронды сауалнама толтыру арқылы тіркеле алады.


Тіркеу 

 



10

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler