қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.03.2017

2017 жылдың 15 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі,  филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Смайылұлы Қирабаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» атты  салтанатты кеш өткізді.

 

Кеш алдында Бас ғимараттың 410-кабинетінде С.Қирабаевтың атаулы кабинеті жабдықталып, тұсаукесері болды. Тұсаукесерде Бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов құттықтау сөз сөйледі. Таныстыруын Жанат Тұрарбекқызы Дәулетбекова жүргізді. Академик С.Қирабаев әріптестеріне, шәкірттеріне алғысын білдірді.

Салтанатты кешті ғалымның шәкірті ф.ғ.д., профессор, Институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлы жүргізді.

Кеш «Академик С.С.Қирабаев және қазіргі заманғы филологиялық зерттеулердің ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік мәселелері» атты жинақтың және «Абай шаңырағының Абызы» академик С.С.Қирабаевтың 90 жылдығына орай түсірілген деректі фильмнің тұсаукесерімен жалғасты.

Салтанатты шараға ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА-ның корр.мүшесі Қалижан Уалихан Қалижанұлы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры, ф.ғ.д. Орда Гүлжаһан, институт оқытушылары қатысты.