қазақша · русский · english
 
 
 
Баялиев Әмірхан Нұрмаханұлы
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы

Қазыбек би, 30/1 көшесі, №4 Кабинет
 +7(727) 291-88-96
kaznpu_goszakup@mail.ru


Мемлекеттік сатып алу бөлімінің міндеттері мен функциялары 


1. Бөлімнің негізгі міндеті мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ақшаны тиімді және оңтайлы жұмсау бойынша Мемлекеттік сатып алу қағидаттарына негізделген конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру және олардың арасында адал бәсекелестік; Мемлекеттік сатып алу процестерінің жариялылығы мен ашықтығы бойынша жұмыстарды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Бөлім қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі жетілдіру.
3. Бөлім электрондық веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге, конкурстық комиссиялардың құрылуы мен қызметіне, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерін анықтауға және олар бойынша шарттарды жасау мерзіміне жауапты болады.
4. Алдағы Мемлекеттік сатып алу рәсімдері үшін университеттің құрылымдық бөлімшелері ұсынатын техникалық ерекшеліктер мен сипаттамаларға сәйкес Конкурс тәсілімен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
5. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. 

 

13
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler