қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2019

Мектеп және ЖОО: шығармашылық байланыстар

 

2019 жылдың 12 желтоқсаны күні шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының шетелдік студенттері үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №2 Қарғалы мамандандырылған гимназиясында болып қайтты (Қарғалы а., Жамбыл ауданы, Алматы облысы). Қытайдан, Египеттен, Корея мен Филиппиннен келген шетелдік студенттер «Абай және Пушкин» мерекелік бағдарламасын қойды. Олар қазақ және орыс тілдерінде Абай мен Пушкиннің өлеңдерін оқып, А.С.Пушкиннің «Салтан хан туралы ертегісінен» үзінді қойылым қойып, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінділер орындады.

 

Гимназия директоры Жанат Махметова мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Асқарова жоғары оқу орындары мен мектеп өзара әрекетінің маңыздылығы туралы айта келіп, мұндай іс-шаралардың құндылығы оқу үдерісінен тыс шетелдік студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқытушылардың бетпе-бет кездесуінде деп атап өтті. Бірлескен іс-шараға гимназияның орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері: Гүлмира Агибаеваы, Лариса Лапина, Феруза Дощанова, Гүлмира Жылжақсынова, Айгүл Егізбаева, Ляззат Патхолина қатысты. Олар гимназияның білім алушыларына мерекелік бағдарлама даярлауға көмектесті: 2 «А», 8 «А», 8 «Б» сынып оқушылары Абай мен А.С.Пушкинге арналған театрландырылған қойылым қойды. Кездесу барысында кафедра оқытушылары кәсіби-бағдар жұмысын жүргізді. Абай университеті, факультет туралы айтты, шетелдік студенттердің өмірінен фильм көрсетті, буклеттер таратты.

 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында және Абай Құнанбаевтың мерейтойын тойлау мақсатында өткізілді. Шара соңында кафедра мен гимназияның болашақтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler