қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2019

Шетелдік студенттер «Smart Students» орталығында

 

2019 жылдың 29 қарашасында Шетел азаматтарына арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультеті Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы бакалавриаттың 2 курс студенттері мен шетелдік азаматтарға арналған тілдік топ тыңдаушылары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Smart Students» орталығына барды. Орталық директоры Ермұхан Нұрман мен студент-еріктілер қызықты бағдарлама дайындады. Египеттен, Оңтүстік Кореядан, Бангладеш, ҚХР мен Түркіменстаннан келген тыңдаушылар мен студенттер Қазақстан туралы тұсаукесер фильмді көріп, домбыраның жанды дауысын естіп, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татып, өздерінің ұлттық билерін көрсетті.


Шетелдік студенттерге арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушылары Тоғжан Айтқазина, Феруза Ержанова, Ринат Көшербаев кездесу достастық және өзара сыйластық жағдайында өткенін атап өтті.

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler