қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2019

«Ризамыз саған, алтын күз» мерекелік кеші

 

2019 жылдың 28 қараша күні Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінде «Ризамыз саған, алтын күз» мерекелік кеші өтті. Мақсаты - студенттерге табиғатты сүюге, әдемілікті қарапайым күйде көре білуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа білім мен дағдыларға қызығушылық ояту.

 

Іс-шара аясында көрермендер арасында бес турдан тұратын байқау өткізілді:

1. Таныстыру;

2. Жағдаяттық сұрақтарға жауап;

3. Қол өнер;

4. Өз өнерін көрсету;

5.Сән өнері.

 

Сайысқа қатысқан өнерпаздардың өнерін әділ-қазылар алқасы бағалады.

 

Кеш барысында тыңдаушыларымыз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Тәрбиелік мәні зор қойылымдар қойып, мәнерлеп өлең оқып, ұлттық би билеп, өз қолдарынан бұйымдар жасап көптеген өнерлерін көрсетті. Сайыс соңында қатысушылардың өнерлері бағаланып, жүлделі орындармен және мақтау қағазымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler