қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2019

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру


2019 жылғы 12 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультеті Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының ұйымдастырушыларымен кездесті.


Кездесудің мақсаты Жас ұрпақтың бойында діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру болатын.


Кездесу барысында ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым Комитеті, Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Шағырбай Алмасбек факультет тыңдаушыларына көптеген діни ағымдар, түрлі террористік іс-әрекеттер туралы өз лекциясында айтып, нақты деректермен, мониторнигтік сараптама және бейнероликтер көрсетіп, жастарды діни сауатты болуға шақырды.


Лекция барысында тыңдаушылар Шағырбай Алмасбекке сұрақтарын қойып, ойларында жүрген сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, екі жақты әңгіме өрбіді. Кездесуден тыңдаушыларымыз тәуелсіз еліміздің бейбіт заманы, террористік соғыссыз ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымыз осы саяси тұрақтылықтың арқасы екеніне тағы да көз жеткізіп, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық тәрбиесі терең, маңызы зор сабақ алды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler