қазақша · русский · english
 
 
 
03.09.2019

Шетелдік студенттерге арналған жазғы тілдік мектеп - 2019

 

Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы 2019 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін өткізілген шетелдік студенттерге арналған Жазғы тілдік мектептің жұмысын аяқтады. Жазғы мектепте Қытайдан, Нигериядан, Ганадан, Конгодан, Мадагаскардан, Филиппиннен, Венесуэладан, Түркменстаннан келген 40-қа жуық тыңдаушы білім алды. Білім алушылар шетелдік студенттерге арналған оқу бағдарламасының талаптарына сəйкес орыс тілін шет тілі ретінде меңгерудің бастапқы, базалық, бірінші сертификатталған деңгейлерін меңгерді.

 

Орыс тілін басқа мəдениетпен ұштастыра отырып оқыту, дəстүрлер мен елтанушылық реалийлерді білу мəдениетаралық қарым-қатынасты жеделдетуді, шеттілді тілдік ортада болуды қамтамасыз етеді жəне орыс тілін шет тілі ретінде оқу кезінде мотивацияны арттыруға жағдай жасайды. Сол себепті, əр аптаның соңында тыңдаушылар оқытушылардың жетекшілігімен мегаполистің тілдік орта жағдайындағы белсенді тілдік іс-тəжірибемен айналысуларына мүмкіндіктері болды: сауда ойын-сауық орталықтарында, мəдени-демалыс іс-шараларында, парктерде, метро жəне қаланың басқа да нысандарында коммуникациялық жағдаяттар ойнатылды.

 

Əр айдың соңында студенттер мен оқытушылар Алма-Арасан таулы шатқалына, Іле-Алатау мемлекеттік паркіне (Бутаковка) саяхаттарға шықты. Жазғы мектеп жұмысының қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler