қазақша · русский · english
 
 
 
23.05.2019

Ректордың шетелдік студенттермен кездесуі

 

2019 жылдың 21 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың шетелдік студенттермен дәстүрлі кездесуі өтті.

 

Кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері қатысып, шетелдік студенттерге виза және шақырту ережелерін, Қазақстан Республикасы аумағында тұру ережелерін түсіндірді.

 

Кездесу СҰРАҚ-ЖАУАП шеңберінде өтті. Кездесу барысында шетелдік студенттер ректорға және ХБД өкілдеріне визалық қолдауға, жатақханада тұруға, бос кездерін ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қоюға және оларға кәсіби тұрғыдан, толыққанды жауаптар алуға мүмкіндіктері болды.

 

Жазғы уақытта шетелдік студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелері талқыланды. Жазғы демалыс кезінде үйге қайтуға мүмкіндіктері жоқ студенттерді Халықаралық ынтымақтастық департаменті жанынан ұйымдастырылып отырған жастар клубы мен қабылдау комиссиясының жұмыстарына қатыстыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, шетелдік студенттер Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы ұйымдастырып отырған жазғы тілдік курстарда оқуларын жалғастыра алады.

 

ҚХР мен Корея Республикасынан келген студенттердің ректор блогына жазған ұжымдық хатын талқылау ректордың шетелдік студенттермен кездесуіндегі маңызды мәселе болды. Студенттер хатта ректордан визаны ұзарту мен қайта шақыртуды рәсімдеу мәселелері бойынша туындап отырған мәселелерді шешіп беруін сұрады. Ректор студенттерді тыңдай отырып, ХБД өкілдерінен аталмыш жағдаят бойынша түсініктеме берулерін сұрады. Соңында, шетелдік студенттер туындаған мәселелер бойынша жауап алды.

 

Кездесу өзара түсіністік пен өзара сыйластық аясында өтті.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler