қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2019

Шетелдік студенттерді оқуға тарту: Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өкелдерімен тәжірибе алмасу

 

2019 жылдың 30 сәуірінде 2018-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының концептуалды негіздерін жүзеге асыру бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ іс-шараларының жоспарына сәйкес шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өкілдерімен алғаш рет достық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты шетелдік студенттермен үйлестіру жұмыстарын жүргізу және оқуға шетелдік студенттерді тарту.

 

Алғашқы кіріспе сөзінде кафедра меңгерушісі Сәуле Бегалиева «2018-2025 жылдарға арналған Абай атындағы ҚазҰПУ дамуының стратегиялық жоспары», кафедраның халықаралық мәртебесі, қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

 

Жиналғандардың алдында Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының маманы Сәуле Исалиева сөз сөйлеп, ҚР-ға келгеннен кейін шетелдік студенттердің дер кезінде тіркелу қажеттігі мен бірнеше рет берілетін оқу визасын рәсімдеу шаралары туралы айтты.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы, қауымдастырылған профессор Тогжан Айтказина шетелдік студенттерді тарту бойынша бірлескен жұмыстарды жетілдіру мен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты.

 

Жоғары оқу орындарының өкілдері өздеріне қатысты оқыту мен жалпы үйлестіру мәселелерін шешу бойынша бірқатар бастамалар жөнінде айтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру түрғысынан даярлау кафедрасының доценті Людмила Торохтий шетелдік студенттерге арналған тәрбиелік іс-шаралар мен оқу-әдістемелік, ғылыми қызметті үйлестіруді дамытудың маңыздылығы мен болашағына назар аударды. Қазақ мемлекеттік медицина университеті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жетекшісі Құаныш Карибаев халықаралық рекрутингтік агенттіктермен бірлескен жұмыстың маңыздылығы мен шетелдерде өзіндік орталықтарды ашудың болашағы жайлы сөз қозғады.

 

Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастықтың болашағы талқыланып, білім алушылардың шетелдік контингентімен жұмыстарды жетілдірудің жолдары туралы мәліметтермен алмасу туралы келісім жасалып, жоғары оқу орындары арасында интернационалдық клуб құру жоспарланды.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler