қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері «Тіл - халықтың танымы» Республикалық байқауына қатысты


2019 жылдың 22 сәуірінде Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының 1 курс студенттері - Дон Лихуэй, Хариминисон Зо Нирина Миаринтсоа, Сюн Дань, Чжэн Сыкунь, Ван Мяо, Асқар Лашын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына арналған «Тіл халықтың танымы» атты орыс әдебиеті білгірлерінің Республикалық байқауына қатысты.


Байқау қорытындысы бойынша команда 1 орынға ие болып, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Студент Сюнь Дань «Көпшілік алдында сөйлеу» ал Ван Мяо «Сөзінің айқындығы» номинациясы бойыншаы мақтау қағаздарына ие болды.


Команданы байқауға дайындаған ғылыми жетекшілер: аға оқытушы Ляйля Мамытбекова мен оқытушы Елена Шмакова сертификаттарға ие болды.


Әділқазылар алқасының мүшелері байқаудың барлық деңгейінде команданың бірегейлігі мен тапқырлығын ерекше атап өтті.

 

Мәнерлеп оқу байқауы

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler