қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2019

Рухани жаңғыру: Ұлы бабалар жолымен

 

15-17 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018/2019 жылға арналған концептуалдық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде университеттің Шетел азаматтарына арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультеті Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырды.

 

Студенттер орта ғасыр шеберлерінің суару жүйесіндегі шеберлігіне таңқалып, Отырар оазисінің айбынды тарихымен танысуға, бекініс қабырғаларының бөліктерін (қалдықтарын, бөлшектерін) көруге,сондай-ақ, ескі қаланың көшелерін аралауға мүмкіндік алды.

 

Шетелдік студенттерді тарихи-өлкетану мұражайына қойылған экспонаттар: киімдер, ыдыстар, күнделікті қолданыстағы заттар таңқалдырды, бәрі осы аймақтың бұрынғы жергілікті тұрғындарының өте жоғары дәрежеде дамығын мәдениетінің көрінісі. Әсіресе, оларды XIV ғасырдағы сәулет өнерінің ортағасырлық ескерткіші- Қожа Ахмет Яссауи музейі орналасқан Түркістан қаласының қонақ жайлылығы таңқалдырды.Ұлы Яссауидің даналық пен рухани байлықты бойына сақтаған ғажап әрі тәкаппар монументті құрылымы студенттерге ерекше әсер етті және берер тәрбиелік мәні зор болды.

 

Студенттер махаббат пен адалдықтың символы-Айша Бибі мавзолейінде болды. 99 орнаменттен жинақталған әртүрлі құрылымының үйлесімінен тұратын мавзолей Айша Бибі мен Қарахан арасындағы өшпес махаббаттарының символы.

 

Оңтүстік Кореядан келген үшінші курс студенті Пак Джонын Қазақстанның ауа райы белдеулерінің күрделілігімен ғана емес, ландшафтарының әртүрлілігімен, көптеген тарихи ескеркіштерімен де ерекше екендігіне көз жеткізді. Дайындық бөлімінің тыңдаушысы Әселхан Қасқырбай бұл сәулет өнерінің туындысы ғасырдан ғасырға есте сақталатынын айтып өтті. Қорыта келгенде, дайындық факультетінің студенттері еліміздің тарихи жерлері-Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен дәстүр жалғастығының куәсі екендігіне, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін- өзі дамытудың қайнар көзі екендігіне тағы да бір көз жеткізді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler