қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2019

«Тіл және таным» дөңгелек үстелі

 

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 ақпанда «Тіл және таным» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Іс-шараны мақсаты - Қазақстан жастарының перспективасын қалыптастыру, яғни ұлы дала ұрпағының бойындағы ізгі, адами қасиеттерді қайта түлетуге үлес қосу.


Дөңгелек үстел жиынына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, тіл жанашыры, ұстаз, тілші ғалым Алтынай Тымболова және «Ана тілі» ұлт газетінің бөлім редакторы Бағдагүл Балаубаева қатысып, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлттық тілді ұлықтайтын ұғымдарға тоқталып, ой бөлісті.


Білімді, сауатты, өз ұлтының тарихын, әдебиетін, мәдениетін, ділі мен дінін терең ұғынған мамандар даярлау - педагогтардың тікелей міндеті екені айтылды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler