қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2019

«Ашық есік күні»

 

2019 жылдың 19 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты «Физика» және «Информатика» тілдік бағыттағы тыңдаушыларға «Ашық есік күні» өткізілді.

 

Аталмыш іс-шараға Матетатика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев, кафедра меңгерушілері, академик-профессорлар Алма Абылкасымова, Есен Бидайбеков, Владимир Косов, Абдумаулен Бердышев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахтай Биргебаев, сонымен қатар, факультет деканы Ғалия Таубаева, профессор-оқытушылар құрамы және тыңдаушылар қатысты.


Институт директоры Мұрат Бекпатшаев тыңдаушыларға институттың тарихы, бүгіні және болашағы, атап айтсақ, институттағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен оның дәрежесі туралы айтылды. Институттың аудиториялық фонды дәрістік және оқу аудиторияларынан, бірнеше компьютерлік кластардан (№№306,310,311,313,315,317), 12 физикалық және техникалық бағыттағы оқу лабораторияларынан (№№108,110,107,110), оқу залынан, электрондық ресурстар залынан, акт залынан және STEM-парктан тұрады. Білім беру ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелері бойынша халықаралық ғылыми зертхана жұмыс істейді. Сөз сөйлеген профессорлар «Физика» және «Информатика» тыңдаушыларын жақсы білім алып, алда тұрған кешенді тестілеуден (КТ) өтіп, институттың студенттер қатырына қосылуларына тілектерін білдірді.


Факультет деканы Ғалия Таубаева институт басшылығына және ПОҚ-на ризашылығын білдіре отырып, тыңдаушыларға аталмыш институттың студент қатарына қосылу үшін сапалы білім алып, қоғам талап етіп отырған ағылшын тілін жетік меңгеру қажеттілігі туралы айтып, оларға сәттілік тіледі.

 

Тыңдаушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алып қайтты.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler