қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2019

«Ашық есік күні»

 

2019 жылдың 14 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты «Химия» және «Биология» тілдік бағыттағы тыңдаушыларға «Ашық есік» күні өткізілді.

 

Аталмыш іс-шараға Жаратылыстану және география институтының директоры г.ғ.д. Күләш Каймулдинова, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Лязат Демеуова, факультет деканы Ғалия Таубаева, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.


Институт директоры Күләш Каймулдинова тыңдаушыларға институттың тарихы, бүгіні және болашағы, атап айтсақ, институттағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен оның дәрежесі туралы айтылды. Әсіресе, аталмыш екі мамандық бойынша ағылшын тілінде білім алатын студенттерге қажетті ағылшын тілінде әзірленген оқу-әдістемелік құралдар, замануи талаптарға сай оқу-зертханалық кабинеттердің жабдықталуы (№303, №404, №305, №701, №705, №707, №709, №711, №712) туралы баяндады. Сөз соңында «Химия» және «Биология» тыңдаушыларын жақсы білім алып, алда тұрған кешенді тестілеуден (КТ) өтіп, институттың студенттер қатырына қосылуларына тілектектерін білдірді.

 

Факультет деканы Ғалия Таубаева институт басшылығына және ПОҚ-на ризашылығын білдіре отырып, тыңдаушыларға аталмыш институттың студент қатарына қосылу үшін сапалы білім алып, қоғам талап етіп отырған ағылшын тілін жетік меңгеру қажеттілігі туралы айтып, оларға сәттілік тіледі.

 

Тыңдаушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алып қайтты.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler