қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2018

«Абай атындағы ҚазҰПУ-нің визиттік карточкасы» атты ашық сабақ

 

2018 жылдың 15 ақпанында шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары проф.ессор Сәуле Бегалиева, қауымдастырылған профессор Тоғжан Айтказина, профессор Бахытгүл Балғазина, Ләйлә Мамытбеков Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдық мерейтойына арналған «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің визиттік карточкасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Ашық сабақ 4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі аясында өткізіліп, 2018 жылы кафедра педагогикалық практика туралы келісімшартқа қол қойылған Халықаралық қазақ-қытай колледжінің студенттері мен оқытушылары шақырылды.

 

Ашық сабақтың жоба форматы бойынша: колледж студенттерін «Грамотеи», «Трансформаторы» және «Экскурсоводы» топтарына бөліп, әр команданың өз жаттықтырушысы болды. Оқытушы-модератор жоба қатысушыларының әрекеттерін үйлестірді.

 

Алғашында модератор (профессор Сәуле Бегалиева) студенттерді Абай атындағы ҚазҰПУ туралы мәтінмен таныстырды және сөздікпен жұмыс жасады. Содан кейін әр команда өз міндетін алып, белгіленген бір уақытта аяқтады.

 

Нәтижесінде «Грамотеи» командасы (жаттықтырушы - шебері Ләйлә Мамытбеков) сандар түріндегі атауларымен анықталған фразалар және олардың емлесін түсіндірді. «Трансформаторлар» командасының мүшелері (тренер - Бахытгүл Балғазина) мәтінді кластерге айналдырды және оны ұсынды. «Экскурсаводтар» (тренер - Тоғжан Айтказина) Абай атындағы ҚазҰПУ виртуалды экскурсиясы өткізді.

 

Сабақтың мазмұны мен форматы барлық студенттердің белсенді болуына, шығармашылық және стандартты емес ұсынылған тапсырмалардың орындалуына ықпал етті.

 

Сабақтың соңында студенттерге үй тапсырмалары тапсырылды - ашық сабақтан «Абай атындағы ҚазҰПУ туралы менің алған әсерім» тақырыбында эссе жазу.

 

Колледж оқытушылары мен студенттері қызықты интерактивті сабақ үшін оқытушыларға алғыстарын білдірді.

 

       

 

       

 

       

 

Ақпаратты дайындағандар каф. меңгерушісі С.Б. Бегалиева, асс. проф. Т.Т. Айтказина, проф. Б.С. Балгазина Б.С., магистр Л.К. Мамытбекова


 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler