қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2017

Қытай Халық Республикасының Консулының қабылдауы

 

2017 жылғы 12 желтоқсанда Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) кафедрасы бакалавриатының 3-курс студенттері, студенттерге арналған академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Чжэцзяннан келген шет тілдер институтының студенттері, сондай-ақ 5В012200 - орыс тілі мен әдебиеті мамандығы, мамандандыру «Орыс тілі шет тілі ретінде» бойынша екінші жоғары білім бөлімінің 1 курс студенттері Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулының қабылдауына қатысты.

 

Қабылдау «Қазақстан» қонақ үйінің «Grand Ballroom» залында өтті. Чжан Вэй мырза алдағы келе жатқан Жаңа жылмен Қытайдың және Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттерді құттықтап, білімді жастардың әр елдің болашағы екенін атап өтті. Кештің құрметті қонақтары ҚазҰУ шығыстану факультетінің студенттері, декандары мен оқытушылары болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжХТУ, Алматыдағы Конфуцзы институттарының екі жетекшісі, Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі.

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler