қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2017

Шетелдік студенттер классикалық өнер әлемін тануда


2017 жылдың 29 қазанында Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының дайындық бөлімінің тыңдаушылары мен академилық алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Чжэцзян институтының (ҚХР) 3 курс студенттері оқытушы Т.Т. Айтқазинамен бірге Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына барып қайтты. Студенттер мен оқытушы «Махаббат туралы аңыз» балетін тамашалады. Көптеген шетелдік студенттер үшін классикалық өнермен танысу алғашқы сәттердің бірі болды. Қытай және Оңтүстік Корея студенттері қазақ балет бишілерінің орындаушылық шеберлігіне, ерекше әуен мен үлкен театрдың сұлулығына тәнті болды.

   

 

            

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler