қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2017

 

Шетелдік студенттердің факультет деканымен кездесуі

 

        2017 жылдың 10 қазанында шетел азаматтары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің студенттері мен факультет деканы Таубаева Галия Закарьянқызымен кездесуі өтті.

  Факультет деканы  ағымдағы оқу жылының жоспары туралы баяндай отырып,  1 курс студенттерін университетімізге түскендерімен кұттықтап, барлық қатысушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.

   Кездесу барысында шетелдік студенттер тарапынан оқу үрдісін ұйымдастыру, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметтері мен степендиялық бағдарламалар  туралы сұрақтар қойылды.

   Академиялық бағдарламамен алмасу бойынша Абай атындағы КазҰПУ-да оқып жатқан, Чжецзянск шет тілдер институтының студенттері (Қытай) филологиялық мамандықтарды оқытатын  кафедралардың оқытушыларына өздерінің алғыстары мен ыстық лебіздерін білдірді.

   Кездесу достық атмосферада өтті.

 

 

 

  

 

 

 

Ақпаратты дайындаған

тәрбие жұмысы жөніндегі үйлестіруші

Мамытбекова Л.К.

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler