қазақша · русский · english
 
 
 
13.09.2017

 

 

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын  талқылау  шеңберде Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде (Foundation) «Латын әліпбиіне бірыңғай көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел барысында рухани негіздер мен қазақ тілінің дәстүрлері,  тұлғаны қалыптастырудағы тілдің рөлі және көнетүркі кітап ескерткіштерінің рухани мұраларын  зерттеу мәселелері бойынша  өзекті сұрақтар талқыланды. Факультет деканы  Жанбеков Х.Н. Ел басының  тапсырмасы бойынша Қазақстандағы ғылым алдында қойған міндеттерді  түсіну керектілігі туралы сөз козғаса,  Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Бегалиева С.Б. заманауи қазақ тілінің  қызмет аясының  жаңа беталысының  әлем талаптарына сай бағыттарын зерделеу мәселесі қазіргі күнде керек екендігін атап өтті. Доцент Минаева Н.М. қазақ графикасының латын графикасына көшу тақырыбын одан ары аша, тұлғаның қалыптасуында  ана тілдің   өзіндік, ерекше  рөлін айырықша баса айтты.

        Дөңгелек үстел қатысушыларының  жалпы пікірлері бойынша  , латын графикасына  көшу - бұл білім беруді жаңғыртуға арналған  қажетті қадам делінді. Бұл үрдісті   бара-бара игеру керек, ал жаңа графика, ең алдымен, қазақ  фонемасының  ерекшеліктерін қамтып көрсету қажет.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler