қазақша · русский · english
 
 
 
20.06.2017

 

Абай ҚазҰПУ-дің  шетел студенттері «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктілері

           Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation), Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының  2-3  курс студентері  Пак Сольи, Юн Хесон және  Ким Сонгджи  Астана қаласындағы  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі  корей павильонында ерікті- аудармашылар болып қызмет етуде. Байқау өткізіліп,  іріктеуден кейін қыздарды   халықаралық конференциялар  және көрмелерді ұйымдастырумен  айналысатын «Unions Communications Co» (Корея) компаниясы  шақырды.

         Бір айлық жұмыстан кейін  студенттердің  «EXPO-2017» көрмесі туралы әсерлері өте керемет.   .  Қыздар «ЭКСПО-2017» көрмесіне  келушілер арасында Корей павильоны  өте танымал екендігін айтты. Олар  Абай ҚазҰПУ студенттер мен оқытушыларын  корей павильонын көруге  шақыруда.

          Студенттер   орыс тілін білу  оларға  өмірлік тәжірибе алуға көмектеседі  деп есептейді және осы  үшін кафедра оқытушыларына  шын жүректен алғыстарын білдіруде.

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler