қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2017

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ


     Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж. Пірәлиевтің шақыруы бойынша 17 мамыр күні университетімізге Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінің (Қытай, Шаосин қаласы) өкілдері келді. Өкілдер құрамында: проректор Чжу Вэньбинь, Халықаралық департамент меңгерушісі Ван Цзин, қытай тілі мен мәдениеті институты директоры Лю Цзясы, қытай тілі мен мәдениеті институты профессоры Чжоу Цзиньшэн, Еуропа тілдері институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі У Яньцю. Сапар мақсаты - университеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және 2016 қол қойылған негізгі шартқа қосымшалар еңгізу.
       18 мамырда абай атындағы ҚазҰПУ басшылығының осы делегациямен кездесуі өтті. Қатысқандар: Бірінші проректор М.Е. Ермаганбетов, оқу ісі жөніндегі проректор А.Т. Кулсариева, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Н.А. Абуева, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Б.Абдигазиулы, Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы меңгерушісі С.Б. Бегалиева, «Қазақ-қытай ғылыми-мәдени инновациялық даму және білім беру орталығының» директоры Абзал Мунир.
     Кездесуде студенттер мен оқытушылардың алмасуы, поқ біліктілігін арттыру, қосдипломды білім беру, бірлескен ғылыми конференциялар өткізу, ынтымақтастық сұрақтары талқыланды.
   Чжэцзянск шет тілдер университетінің өкілдері біздің университетпен алдағы байланысты кеңейтетіндіктеріне үміт білдірді. Кездесу соңында қонақтараға естелік сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler