қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2017

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «ХО ШИ МИН» кітабінің тұсаукесері

 

       2017 жылдың 3 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ вьетнамдық саяси көшбасшы, Вьетнам Социалистік Республикасының негізін салушым Хо Ши Миннің өмірі мен қызметі туралы айтылатын «Хо Ши Мин» (Вьетнам) кітабінің тұсаукесері өтті.
  Тұсаукесер Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) мен Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық қатынастар басқармасы, «Орхон» баспа үйінің ұйымдастыруымен өтті.
      Кітап «Орхон» баспа үйінде Вьетнам Социалистік Республикасының елшілігнің қолдауымен шығарылды. Жобаның авторы Дидахмет Ашимханулы. Бұл «Ұлы тұлға» атты кітаптар сериясының біреуі.
Тұсаукесерге қатысқандар:
М.Е. Ермаганбетов, Абай атындағы ҚазҰПУ Бірінші Проректоры
Х.Н. Жанбеков, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
Доан Тхи Суан Хиен ханым, Вьетнам Социалистік Республикасының ҚР-дағы төтенше елшісі
Ле Дак Куан мырза, елшінің көмекшісі, Вьетнам
Чан Динь Туан мырза, Бірінші хатшы, Вьетнам
Навин Капур мырза, Консул,Үндістан
Норлиза Бинти Мд Заин ханым, Бірінші хатшы, Малайзия
Даулетбек Байтурсынулы, Қазақстан жазушылар қоғамының кеңесшісі
Жакенов Дудар, ҚР Сыртқы істер минситрлігі Алматы қаласындағы өкілдігі бастығының орынбасары
Аренова Алмаша, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі
Набижан Мухаметханулы, т.ғ.д., профессор
Адырбек Колбай, халықаралық «Түркістан» газетінің журналисті
Нурмагамбетов Максат, «Қазақстанның дипломаттар қоғамы» кеңесінің мүшесі
Мырзакеримова Гулжайна, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілі
Жамиля Айдос, «Орхон» баспа үйінің директоры
Алмас Масалим, модератор.

      Қонақтар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдени, экономикалық және саяси қатынастар туралы айтып, осындай кітаптар қазақ пен вьетнам мәдениетінің «алтын қорына» кіріп, алдағы екі ел арасындағы мәдени, іскерлік қатынастардың дамуына үміт білдірді.
    Тұсаукесерде Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының 1 курс магистранты, Вьетнам елінің азаматы Нгуен Тхань Чунг Хо Ши Миннің өмірі мен қызметі туралы айтып берді.
    Бірінші Проректор М.Е. Ермағанбетов пен Вьетнам Социалистік Республикасының ҚР-дағы төтенше елшісі Доан Тхи Суан Хиен ханыммен қазақтың дәстүрі бойынша тұсаукесер жасап, кітапқа жарқын ашық жол тіледі.
     Соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.

 

Информацию подготовила проф. Б.С. Балгазина

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler